Шал

Сюжеттік желіге келсек, жапан түзде көпті көрген Қасым шал мен оның немересі Ерасыл анасымен бірге өмірін сүріп жатқан көріністен басталады. Фильмнің қызығы Қасым шалдың футболды өліп сүйетін жанкүйер екенімен қызды. Испания футбол лигасын мүлт жібермей көретін шалдың немересі жаңа заманның ұрпағы. Оның ақыл-ой үрдісі тіптен бөлек. Жаймашуақ жаз да бітіп арты күздің ысқырық бораны өз қаһарына міне бастаған шақта көршісі Исабек қонақ ақысы ретінде қолқа салады. Ол өз достарымен біріге арақ ішу мақсатында Қасым шалға өз атарын беріп, қыстауға жөнелтеді. «Мен ұрлыққа шыққан түні ай жарық бопты» дей ме... Әйтеуір «қырсық» шалдың тура алдынан ақырып тұрып қарлы боран шығады екен ғой. Үш күн бойы жапан түзде қос жау: қасқыр мен боран торған кезде шалдың шарайна ақылы ары ауып, жынды болуға айналады. Мазарда түнеген, жыңғылдан қоршау жасап, от тұтатқан, тастанды үйде қой жүнін тұтатқан кездің барлығы да басты кейіпкеріміздің жүйкесін жеп бітірген. Фильм барысында өлген қасқырлар мен өңгерілген қойлардың құны қайда д
Back to Top