Халық әні Елім - ай Halik ani ’’ Elim-ai ’’

Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. Ел-жұртынан айырылған жаман екен, Екі көзден мөлтілдеп жас келеді. Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір жорға бос келеді. Қарындастан айырылған жаман екен, Екі көзден мөлтілдеп жас келеді. Қаратаудың басынан көш келеді, Түнде көшіп қонаға кеш келеді. Шұбырынды ақтабан жаман екен, Тағы да алда қай заман тұс келеді. Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын әр үйден ас келеді. Бір малтаны екі күн талшық еттік, Майын алған малта құрт тас келеді. Қаратаудың басынан көш келеді, Әр көш сайын ат пен нар бос келеді. Жұбын жазбай ауылдар бірге көшіп, Қиын жолда б
Back to Top