42500 теңге. Қос қолы жоқ суретші Кәріпбек Күйіков карантин уақытында салған суретін осынша сомаға бағалаған. Әлеуметтік желі белсенділері суретші бұл қадамға амалсыздан барды деп шулатты. Алайда бұл хақында Кәріпбек ағаның өз шындығы бар көрінеді. Талантты қолөнер шеберінің туындыларына қазақстандықтардан емес, шетелдіктерден сұраныс неге жоғары? Суретшінің еңбегін өз еліміздегілер бағаламай ма, әлде оның картиналары тым қымбат па?
#1tvkz #смотримвместе #сенбілікжаңалықтар #жаңалықтар #Қазақстан