Жаркент тұрғыны: жылудың тарифі 35 мың теңгеге жетеді

Алматы облысында жылу бағасына қатысты дау шықты. Жаркентте «Жұмыспен қамту» бағдарламасымен пәтер алған тұрғындар тарифтің қымбаттығына наразы. Жұрт айына 1 бөлмелі үй 15 мың теңге төлесе, 2 бөлмелге 25 мың, ал, 3 бөлмелі алғандар 35 мың теңгеден төлеп отыр. Мұндай баға еліміздің ешбір қаласында жоқ шығар, - деп арнамызға мұңын шақты. Тіпті, кейбірінің пәтері жылынбайтындықтан, электр жылытқышын қосып отыр. Сөйтіп, тоққа да, жылуға да ақша төлеуге мәжбүр. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top