35 жастағы журналист Ербол Мәндібек кейінгі төрт жылда мемлекет иелігіндегі Qazaqstan телеарнасында, жаңалықтар қызметінің арнайы тілшісі болған. Тамыз басында журналист «бұдан былай телеарнадағы цензураға шыдай алмайтынын» айтып, өз еркімен қызметтен кетті. Оның сөзінше, телеарна тілшілерге сын материалдар әзірлеуге мүмкіндік бермейді. Qazaqstan арнасының өкілдері мұны жоққа шығарады.