темекі

темекі зияны, тәуелдлік Никотин – темекінің құрамында болатын препарат, жәндіктерден қорғану үшін өсімдіктер өндіретін табиғи. Никотин – бұл стимулятор, мидың белсенділігі мен концентрациясын арттырады, ол темекі шегетін адамға тыныштық пен демалыс сезімдерін береді, бірақ жүрек жиырылуының үдеуін арттырады және қан қысымын жоғарылатып, темекі шегушінің тыныс алуын тездетіп, терең демалдырады. Темекі түтінінің құрамында 4000-нан астам химиялық заттар бар. Солардың ішіндегі химиялық заттардың бірі шайыр тәрізді жабысқақ қара зат, ол өкпеде жиналып, алқызыл түсті сұр түске айналдырады. Шайыр альвеолярлық қапшықтарды зақымдап, тыныс алу жүретін өкпе мен қантамырлардың арасында кедергі жасайды. Альвеолярлық қапшықтардың зақымдануы олардың жұмысына кедергі болып, эмфизема атты тыныс алу жағдайына әкеледі. Тыныс алу шулы болып, ағза жеткілікті мөлшерде оттегіні алмайды, ол іс-әрекетті азайтып, адамның өмірін қысқартады. Шайыр, сонымен қатар, канцероген (рак ауруын тудырады) болып табылады.
Back to Top