Халық әлеуметтік желідегі қауесетке неге сенгіш?

Төтенше жағдай кезіндегі әлеуметтік желінің рөлі қандай? Жұрт үшін ақпарат көзі неге мессенджер болуы тиіс? Бұқара биліктің ресми брифингтерінен гөрі уатсапта тарайтын қауесеттерге көп сенеді. Мәселен, еліміздің қос астанасындағы карантин 13 сәуірден бастап аяқталады екен деген қауесет уатсап желісі арқылы тарап кетті. Онда қандай нысандар қандай тәртіппен карантиннен шығатындығы рет-ретімен жік-жігімен жазылған. Мәселен, алдымен қоғамдық көліктер жүре бастайды, тағысын тағылар. Апта соңын ала Нұр-Сұлтан мен Алматы әкімдіктіктері бұл мәліметтерді жоққа шығарды. Карантин ай соңына дейін жалғасады. Жалпы қауесет таратушылар әсілінде жауапкершілік бар екенін ұмытпағандары абзал. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top