Манта5 – су велосипеді

Манта5 – су велосипеді Адамзат кез келген транспорттың суда жүзетін баламасын жасауға құмар. Кәдімгі машинаның кеме, мотоциклдың су мотоциклі іспетті аналогы бар. Енді электровелосипедтің су айдынын кесіп жүретіндей әсер қалдыратын түрі пайда болды. Бұл инновациялық идеяның авторы Гай Говард-Уиллис. Дей тұрғанмен бұл концепцияны толықтай жүзеге асырып, су велосипедін құрастырып шыққан Роберт Алонсо есімді азамат. Manta5-ті жасап шығу үшін дизайнер бес жыл уақытын сарп етіп, механика мен электрлік инженерия, аэронавтика, гидродинамика секілді озық саланың тың шешімдеріне жүгінген. Осылайша Роберт қаңқасы алюминийден, жүзбеқанаттары өте берік бірақ салмағы аз көміртекті талшықтан, шағын ғана 400 ваттық қозғалтқышпен қуатталған акуа немесе су велосипедін құрастырып шықты. Салмағы 100 келіге дейінгі кісілерге арналған велосипедтің өз массасы 20 келі. Дереккөз:
Back to Top