Бізде мал көп, бірақ АҚШ пен Австриядан несіне бұқа тасып, тыраштанамыз? Ол өз алдына, мал ұстайтын шаруа біткен соңғы екі жылда мемлекеттен көк тиын көмек алмапты. Сонда миллиардтап бөлінген қаражат кімге, қайда кетіп жатыр? Мал шаруашылығындағы шикі мәселелер жөнінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жексенбай Дүйсенбаев айтып берді.
#1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан