Ауылда асықтың түбін түсіретінбіз. Қолымыз қап-қара, қара батпан, тілініп-тілініп кеткен. Мұғалімдер қолымызды көргенде: “Мынау қол ма, жоқ әлде қойдың тұяғы ма а?“- деп партаның үстіне екі қолды қойдырып, укаскамен сарт дегізгенде, жанымыз мұрнымыздың ұшына келетін😂😂 Арнайы сақаларға білдірмей қорғасын қүйып төменгі көшенің балаларымен асық ойнап, сыпырып келетінбіз. Ауыл қандай керемет. Кеше ауылдағы балапандармен асық ойнап ұтып алдым. Мергендігім әлі бар екен 😂😂 #Алматыоблысы #Райымбекауданы