НАҚЫЛ СӨЗДЕР 3-тарау

Өз ақыл-санаңа сүйеніп жүрме, Сенім арт шын жүректен Жаратқан Иеңе. Бар жағдайда да мойында Тәңір Иеңді, Сонда Ол тура жолмен жетелер сені. Паңданып өзіңді «данышпанмын» деп ойлама, Иеңді шын қастерле, зұлымдыққа жолама, Тұла бойың сергіп, сауығатын болар сонда. Жаратқанды құрметтеп сыйға бер мал-мүлкіңнен, Алған бар өніміңнің алғашқы түсімінен. Сонда астыққа кенелер қамбаларың, Ернеулеп толар шырынға ыдыстарың. Балам, Тәңір сені тәрбиелегенде Онысын ешқашан менсінбей жүрме, Ол сені жөнге келтіргенде Лайым еңсең түсіп жүнжіме! Иеміз Өзі сүйетін әркімді Түзетеді әрі тәрбиелейді. Әкесі сүйікті баласын даa Жазалайды қажет болғанда. #нақылсөздер #naqylsozder #даналық #danalyq #_danalyq #нақылсөздер3
Back to Top