Бір рет жасап, күнде жасағын келетін Етті пирог/Мясной пирог

Қамырға ұн - 250 гр, қопсытқыш - 0.5 ш.қ., жылы су - 110 мл, сұйық май - 110 мл, тұз - 0.5 ш.қ. Салмасы: асқабақ - 200 гр, картоп - 2 дана, пияз - 1 дана, ет фаршы - 250 гр, тұз бұрыш дәміне қарай ✓Көрсетілген қоспалардан қамыр илейміз, 30 минутқа тыңдырып қоямыз. ✓Көкеністерді ұсақтап турап, фаршпен біріктіріп, тұз бен бұрыш дәміне қарай қосып салманы дайындаймыз. ✓Қамырды екіге бөліп жайып, ортасына саламаны салып, шетін түйіп шығамыз. ✓Пирогтың беріне жұмыртқа жағып күнжіт сеуіп, 50 минутқа 180 градусқа қызған пешке салып пісіреміз. Ас болсын!!!
Back to Top