Алла қайда?

Имам Абдурраззақ әс-Санъани (126-211 һ.ж.) (Алла оны рақымына алсын) өзінің тәпсір кітабында мынадай бір хадисті келтіреді: «Бізге Жағфар ибн Сүлеймен ол Ауфтан ол әл-Хасаннан оның былай айтқанын жеткізеді: «Сахабалар Алла елшісі Мұхаммед пайғамбардан (с.ғ.с.): - «Біздің раббымыз қайда?» - деп сұрайды. Сонда Алла Тағала мына аятты түсіреді: «(Мұхаммед с.а.с.) Егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар еді» («Бақара» сүресі, 186-аят)[1]. «Егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса былай деп жауап бер: Мен шынымен өте жақынмын, маған дұға жасағанда, дұға жасаушының тілегін қабыл алам, оның тілегіне қалай да болса бір жауап берем» - деген. Яғни Алланың «жақынмын» дегені «тез арада қабылдаймын» дегені. Жер жақындығы, уақыт тағы басқа өлшеммен есепке алынатындай жақындық емес. Алла естімей қала ма деп, ғибадатында және дұғасында дауыстап айқайлап, бақырып-жақыруға рұқсат
Back to Top