2018 жылы Атырау-Астрахань күре жолы салына бастайды.
Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша еліміздің батыс өңірлерін Ресей арқылы Еуропамен жалғайтын Ақтөбе-Атырау-Астрахань автомагистралінің бүгінде жобалау құжаты дайын. 16 бөліктен тұратын тас жолдың жалпы ұзындығы 1000 шақырымнан асады. Егер осы қатынас жолы қайта қалпына келтірілсе, Атырау тоғыз жолдың торабына айналып, көлік инфрақұрылымы дамитын болады.