Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Шексіз шығармашылық – 2017» ашық қалалық фестивалі

2017 жылдың 16-17 наурызында, «Жастар» Сарайында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Шексіз шығармашылық» фестивалі өткізіледі. Бұл іс-шара «ЭКСПО 2017. Болашақ энергиясы» аясында өткізілуде. Ұйымдастырушысы әдеттегідей «Жастар» Сарайы болып табылады. Жылсайынғы фестиваль осымен төртінші рет өткізілуде. Сол мерзім ішірде бұл іс-шараға 150-ге жуық дарынды мүмкіндігі шектеулі қатысушы қатысты. Жыл сайын фестиваль даму үстінде: былтыр ұйымдастырушылар фестивальдің географиялық ауқымын кеңейткен болатын. Ал биыл 2017 жылдың 20 ақпанында фестивальдің ұйымдастыру комитеті 4 номинация бойынша өтінімдер қабылдай бастады. Оның ішінде бір номинация фестивальдегі биылғы жылдың жаңалығы болмақ. Сонымен, егер алдыңғы жылдары фестиваль дарындарды хореография, эстрадалық вокал, ишара тілінде ән орындау, фотосурет аталымдары бойынша анықтаса, биыл төртінші номинация қосылып, фестивальдің көркі ашыла түсті. Биыл алғаш рет «Шексіз шығармашылық» іс-шарасы аясында «Шексіз сұлулық» атты кербездік пен сұлулық байқауы өткізіл
Back to Top