Жұмысшылар жаз бойы жасаған жұмыстарына ақы алмаған
Түркістанда жаз бойы еңбек еткен жұмысшылар тиесілі жалақысын ала алмай жүргенін айтты. Жаңа университеттің ескі ғимаратын жөндеген азаматтар күнде жұмыс істеген нысанға келіп, маңдай тер, табан ақыларын талап еткенімен, ештеме өндіре алар емес. Себебі, бұлармен келісімшарт жасаған компания істі жарты жолда тастап, кетіп қалған екен. Есесіне, жұмысшылар алдындағы қарызы 50 миллион теңгеге жеткен. Амалы таусылған жұрт енді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтен көмек сұрауға мәжбүр.
🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция
Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
12 views
2
2
4 years ago 00:03:25 17
Жұмысшылар жаз бойы жасаған жұмыстарына ақы алмаған