Абай

Біз бүгін дара тұлға-Абайдың туған күніне орай оның творчествосындағы ерекше шығармаларына тоқталмақпыз. Абайдың табиғатты суреттеп жазған бір топ өлеңдері тек түр жағынан ғана емес, мазмұны жағынан да өзгеше. Ол өлеңдерінде ақын еліне, жеріне шексіз сүйсіне отырып, өмір шындығын кеңінен қамтып көрсетеді. “Желсіз түнде жарық ай”, “Қыс”, “Жаз”, “Күз“, т.б. өлеңдерінде жыл мезгілдерінің әрбір кезеңін қазақ аулының өмір тіршілігіне қабыстыра суреттейді. Сол өлеңдерінің бірін сіздерге ұсынып отырмыз.
Back to Top