Алматы облысы бойынша «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы анықталды.

Алматы облысы бойынша «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы анықталды. Көп балалы ана, кәсіпкер Бибінұр Жылқыбаева «бақ-дәулет - еңбек пен төзімділіктің нәтижесі» дейді. Жасы отызға жетпей 5 баламен жесір қалған ол бүгінде балаларын жақсы тәрбиелеп қана қоймай, кәсіпкерліктің де қыр-сырын меңгеріп, көпшіліктің қошеметіне бөленіп отыр. Бибінұр Жылқыбаеваның жанұясы көпке үлгі. Биыл Алматы облысы бойынша «Мерейлі отбасы» байқауның жеңімпазы атанды. Енді кәсібін одан әрі дамытып, мүгедектерге жұмыс беретін наубайхана, тігін цехы мен монша салуды жоспарлап отыр.
Back to Top