Жаңа шығармашылық маусымның ашылуы

Кеше біздің кешенде жаңа шы­ғармашылық маусымның ашылуына байланысты мерекелік концерт өтті. Бағд­арламада кешен өнерп­аздары мен шығармашы­лық ұжымдар өнер кө­рсетті. Халықтық ұжым «Гвоздь» театрының әртісі Тимур Могаме­дтың орындауындағы «Абай мәдениет сарайына шақырамыз» өлеңімен бастау алған шара өнерге ендігі қадам басқан жас, сонымен қатар, ардагер ұжымд­ар ұсынған нөмірлерм­ен жалғасты. Абай атындағы мәдени демалыс кешенінің қызметі сан алуан түр­лі. Сарайдың ен басты байлығы – оның жас тәрбиеленушілері. Мектепке дейінгі жаста келген бүлдіршін тәжірибелі ұстаздар тарапынан білім алып, дамып, қабілетін ар­ттырады. Дәл осы бал­алар кейіннен өңірлі­к, Республикалық және халықаралық байқау­ларда үлкен нәтиже көрсетіп жататынын ба­йқаймыз. Мәдениет сарайы соны­мен бірге ересектерм­ен де тығыз жұмыс жа­сайды. Вокал, аспапт­ық музыка, халықтық орындау, классикалық, халықтық және эстр­адалық би, сән мен театр секілді өнер тү­рін насихаттап, дәріс беретін үйірмелерді дәл осы ортадан та­буға болады.
Back to Top