Covid-19: Қос науқасты ажалдан неге арашалай алмады

#КТКжаңалықтары Елімізде коронавирус құрбандарының саны тағы 2 адамға көбейді. Олардың бірі – 62 жастағы дәрігер. Марқұм өзін үйде емдемек болып, уақыт созып алған. Ал көз жұмған екінші адамның қосымша аурулары болыпты. Жалпы Covid-19 вирусы соңғы тәулікте тағы 118 отандасымыздан анықталды. Оның ішінде Ақтөбе облысындағы өсім 15,8 пайызды құрап отыр. Мұнда әскерилер қауіпті кеселді жаппай жұқтырған. #Қазақстан #коронавирус #COVID19 #coronavirus #құрбандар #науқастар
Back to Top