Домофон үшін төлеу керек пе?
Бірнеше облыста бәсекелестікті қорғау агенттігіне түскен арыздан кейін тағы домофон дауы басталды. Сөйтсе, заң бойынша домофонның қызмет ақысын ай сайын төлемеуге де болады. Ережеге сәйкес, домофон құралдарын орнату бір келісімшартпен рәсімделуі керек. Осыдан кейін барлық құрал-жабдық тұрғындардың мүлкі болып саналады. Ал техникалық қызмет көрсету бойынша бөлек келісімшарт жасалуы қажет. Домофон сынса, маман шақырып, бір реттік ақысын төлей салуға болады. Sputnik Қазақстан тілшісі домофон дауын зерделеп шықты.