Қостанай ауданы Ішкі істер бөлімі

Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері, ардагерлері!!! Қостанай ауданы ІІб басшылығының және жеке құрамынын атынан Сіздерді «23 маусым – Қазақстан полициясы күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Отанымыздың өркендеуіне қосып жатқан үлестеріңіз, мінсіз қызметтеріңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз. Қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, ел тыныштығын қорғау жолындағы қажырлы еңбектеріңіз сәтті болуына тілектеспіз. Сіздерге және барлық туған-туысқандарыңызға мықты денсаулық, ырыс пен береке және еңбекте табыс тілейміз! Еліміз тыныш, халқымыз аман, бауырымыз бүтін, бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!!!
Back to Top