Мұғалімдер реніші

Жақында мұғалімдердің Қазақстан білім министрі Аслан Сәрінжіповке ашық хаты жарияланды. Ұстаздар министрден сайлау, сенбілік, санақ, ақша жинау, әншілер билетін сату, газетке жазылу сияқты бала оқытудан басқа міндеттердің көбейіп кеткенін айтып, осыны тоқтатуды талап еткен. “Еркін сөздің“ кезекті бағдарламасы мектеп мұғалімдерінің мәселелерін Алматы қалалық білім басқармасының өкілі Гүлсім Пашаева мен хат ашық хат авторларының бірі орта мектеп мұғалімі Айман Сағидуллаева талқылады.
Back to Top