Елімізде коронавирусты анықтайтын арнайы ПТР тест жоқ. Соңғы 3 күнннен бері денсаулығына күдігі бар тұрғындар, сынама таппай сенделіп жүр. Осы мәселе бойынша, Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты ғылыми-практикалық орталықтың басшысы Жанар Сүлейменова өзінің фейсбуктегі парақшасында жауап берді. Оның сөзінше, соңғы үш айда елдегі зертханалардың қуаты тәулігіне 6 мыңнан 30 мың тестке дейін артқан. Сол себепті, сынамалар жетпей жатқан көрінеді. Ал, күні кеше министрлік алаңдаған азаматтарды Covid-19 белігілері байқалған жағдайда ғана сынама тапсыруға шақырды. Айта кетейік, пандемия басталғалы елімізде тұрғындардан 1,2 млн ПТР сынамасы алынған. Дәл осынша арнайы тест алдағы 10 күнде сатып алынады деп жоспарланып отыр.
🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция
Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!