Әлемді жайлаған сырқат сәлемдесу салтын өзгертті. Осыдан бірер ай бұрын қол алысып, құшақ жайысқан жандар енді алыстан амандасып, хал сұрасатын күнге жетті. Бұл вирустың таралуын тоқтатады деп сендірген дәрігерлердің сөзіне дәлел болатын тарихи деректер де жетерлік. Қазақ даласын жайлаған талай қауіпті індеттердің алдын-алу үшін бабаларымыз қандай амал қолданған? Пандемияның әсерінен біз де болашақта кеудеге қол қойып, басымызды иіп амандасуымыз мүмкін бе?
#1tvkz #смотримвместе #сенбілікжаңалықтар #жаңалықтар #Қазақстан