Өртте қаза болған сәбилермен қоштасу - Азаттық Радиосы

4 ақпанға қараған түні Астананың Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесіндегі үйдің ауласындағы уақытша баспана өртеніп, бір отбасының бес баласы қаза тапқан. Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 30 шаршы метрлік үйдің төбесі жанып ортасына түскен. Өрт салдарынан 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туған бес бала қаза тапқан. Бесеуі де қыз бала. “Өрт болып жатқанын көршілері хабарлаған. Қайтыс болған балалар - бір отбасының балалары. Өрт болған кезде балалардың ата-анасы жұмыста болған
Back to Top