Ким Чен Ын Оңтүстік Корея шекарасынан өтті

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея президенттерінің кездесуіне қатысты ресми мәлімдеме жасады. Министрлік мәлімдемесінде “Қазақстан Пханмунджом шекара бекетіндегі Оңтүстік Корея Мун Чже Ин мен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын арасындағы кездесуді құптайды. Еі ел арасындағы диалогты жандандыруға, сондай-ақ жаһандық қауіпсіздікті нығайту келіссөздердін жоғары бағалайды“ деп жазылған. Қазақстан Корей түбегіндегі жағдайды диалог халықаралық мәселелерді шешудегі жалғыз дұрыс амал болып деп есептейді. Ресми Астана Кядролық қарудан бас тарту туралы екі елдің уағдаластығын да қолдады. 27 сәуірде Ким Чен Ын мен Мун Чжэ Ин арасындағы келіссөз шекара түбіндегі Пханмунджом аймағында өтті. Ким Чен Ын 1953 жылдан бері Оңтүстік Кореяға бірінші рет барған Солтүстік Корея басшысы атанып отыр. 65 жыл бұрын Корей соғысында бітім жасалған, бірақ бейбіт келісімге әлі күнге дейін қол қойылмаған.
Back to Top