Қуат Хамитовқа қатысты сот үкімі шықты

Танымал аралас жекпе-жек файтері Қуат Хамитовқа қатысты сот үкімі шықты. Дезинфекциялық заттарды бүркігендерді ұрып, ату керек деп мәлімдеме жасаған спортшыға Алмалы аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272 бабы 3-бөлігі қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп 6 айға бостандығын шектеу туралы жаза тағайындады. Ал, бұл үшін азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру санкциясы үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыраған болатын. Жазаға толық келісіп, ешқандай шүбә келтірмеймін деген Қуат Хамитов енді партия ашамын деп жариялады. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top