“Теңізшевройлда“ еңбек заңнамасы өрескел бұзылған

Атышулы “Теңізшевройл“ компаниясында бұған дейін де еңбек заңнамасы бұзылып келген. Бұл туралы аймақтағы ірі мұнай компанияларының басшыларымен және мердігерлермен жиын өткізген Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті. Ал көпті арандатқан суретке түскен қызметкері үшін басшысы кешірім сұрады. Ал үкімет мүшелері жанжалға жалақыдан бұрын тұрмыстық кикілжің себеп болған деп отыр. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top