Түркиядағы ұшақ апатынан Қазақстанның екі азаматы зардап шекті

#КТКжаңалықтары Түркиядағы ұшақ апатынан Қазақстанның екі азаматы зардап шекті. Отандастарымыз Измирден Стамбұлға ұшып шыққан әуе кемесінің ішінде болған. Алғашында жерлестеріміздің Фатих Сұлтан Мехмет ауруханасына жатқызылғаны жөнінде ақпарат тараған еді. Ал мән-жайды «бақылауда ұстап отырмыз» деген Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтардың жағдайы жақсы екенін жеткізді. #Түркия #ұшақ #апат #қазақстандықтар
Back to Top