Абай дара, Абай дана қазақта

Кеменгер, данышпан,жұлдызы биік ойшыл ғұламаның бірегейі, ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы Абай Құнанбаевқа арналған «Абай дара, Абай дана қазақта» атты кітап көрмесі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Абайдың жаңаша өңдеуден өткізіліп құрастырылған «Өлең-сөздің патшасы», «Қара сөздері» топтастырылған кітаптарымен, « Абайдың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы түп нұсқа» атты бірегей еңбектер оқырманның ыстық ықыласына бөленді. Оқуға қолайлы етіп қайта басылған М.Әуезовтің «Абай жолы» роман эпопеясыда таныстырылды. Сонымен қатар, белгілі жазушы Тұрсын Жұртбайдың «Абай ғұмырнамасы», «Абай және алаш сабақтастығы» еңбектері және т.б ақын тұлғасы мен шығармашылығы жөнінде жазылған авторлардың ғылыми зерттеу еңбектері түгел оқырманға таныстырылып, кітапханамызда кез-келген уақытта оқуына болатындығы айтылды.
Back to Top