Алла Тағаланың құлдарын сүю белгілері:
“Құлымның мен үшін орындап, маған жақындататын амалдарының ішінде маған ең сүйіктісі-парыз еткен нəрселерімді орындауы. Құлымды жақсы көргенге дейін ол маған өзінің нəпіл (қосымша орындалатын жақсы істер) амалдарымен жақындайды. Ал, егер оны жақсы көрсем, оның еститін құлағы жəне көретін көзі боламын, (оның есту, көру мүшелерін басқа жаман нəрселерге пайдалануынан сақтаймын). Сол секілді оның қорғайтын қолы, жүретін аяғы боламын. Егер менен сұраса беремін, менен пана тілесе, əлбетте, оған пана боламын. Кімде-кім менің жақын құлдарымның біріне дұшпандық етсе, оған өзімнің жау екенімді білдіремін.“ (Əл-Бухари)
Хадистегі ескерту: хадисте айтылған дене мүшелері ауыспалы мағынада қолданылған.
“Егер Алла Тағала құлын жақсы көрсе, Жебірейілді (ə.с) шақырып: “Алла Тағала пəлен деген кісіні жақсы көреді, сен де оны жақсы көр“, -дейді. Жебірейіл (ə.с) де оны жақсы көреді де, аспан жұртына (періштелерге): “Алла Тағала пәлен деген кісіні жақсы көреді. Сендер де оны жақсы көріңдер“,
7,177 views
4202
1731
2 months ago 00:01:12 1
Zulu - Straight from Da Tribe of Tha Moon (Official Music Video)