АҚШ доллары 450 теңгеге жетті

Доллар тағы қымбаттады. Бұл жолы АҚШ валютасы 450 теңгеге бірақ шықты. Санаулы күнде 75 позицияға шарықтаған көк қағазды қазір қаладағы валюта айырбастау пункттерінен табудың өзі қиын. Әліптің артын баққан кәсіпкерлер долларды сатудан бас тартып, тек жаппай сатып алып жатыр. Оған Ұлттық банк тарапынан жасалған интервенция да көмектеспеген секілді. Себебі, “КАSE“ Қазақстанның қор биржасында бүгін ешқандай мәміле жасалмай, ондағылар доллардың нақты курсын бекіте алмаған. Көк қағаз қол жетпейтін көкке ұмтылуын қашанғы жалғастырады? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top