Казахстанская Правда көшесі 30 мекен-жайы бойынша орналасқан жатақханада суағарлар орнатылмағандықтан, өткен көктемде үйдің төбесі сыр берген. Осының салдарынан қабырғадағы кірпіштер дымқылданып, құлап жатыр. Ал жатақхана бөлмелерінде төбелерді ұстап тұру үшін өткен жылы бөренелер мен темір құбырлар да орнатылыпты. Дегенмен, 5-ші қабаттың тұрғындар күнде жандарын шүберекке түйіп, үрейленіп отырады. Ал Ахременко көшесі бойында орналасқан 2-ші үйдің 5-ші қабатындағы баспаналарда жылу мөлшері стандарттан төмен. Салдарынан бұл пәтер иелері жылы киімдерін киіп, қымтанып ұйықтайды екен.