Сатқын

Фильм желісі бойынша жастайынан бірге өскен екі дос оңай ақша табу жолында қылмыс әлемімен байланысқа түседі. Мол табыс пен жақсы өмірді уәде еткен бұл байланыстың соңы орны толмас өкінішке әкеп соқтырады. Фильмнің бас кейіпкері өз ортасында беделді болып, көп ақша табу үшін құмар ойынға бас ұрады. Ойыннан ұтылған олар кафеде демалып отырған бір шенеунікпен байланысады, сыртқа шыққан соң оның көмекшісін жаралап, көлігін айдап кетеді. Бұған қарап қалмаған шенеунік өзінің қылмыс әлемінде беделі бар ескі досына хабарласады. Бір мезетте бұларды құрықтаған мафия дөкейі, екі досқа шенеуніктің ақысын материалды жіне моральді түрде өтеу керектігін жүктейді. Бұл шешімге разы болмаған екеуі шенеуніктің үйін аңдып жүріп, көлігін ішінде қалған баласымен айдап кетеді. басында баланы көшеге тастап кетуді ойлаған екеуі, соңынан баланы кепілге алып ақша бопсалайды...
Back to Top