2 млрд теңгеге жуық қаржы қайда кетті? Калачиліктер депутаттар арқылы қазына қаржысына сұрау салуда. Бұдан төрт жыл бұрын ұзақ ұйқыға кете беретін Ақмола облысындағы осы ауылдың жұрты өздерін көшіруге бөлінген ақша ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті ме деп қүдіктенеді. Сол кезде белгісіз дертке 180 адам шалдыққан еді. Біразы әлі күнге дейін өзін жайсыз сезініп жүр екен. Жергілікті билік үдере көшуге үгіттігенмен, 30 шақты отбасы әлі ауылын тастамаған. Осы мақсатқа арналған қомақты қаржының қайда кеткенін тексеруді сұрап отыр жергілікті тұрғындар.
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!