«Тасөткел» 1-бөлім
«Хабар» арнасында жаңа телехикаяның тұсауы кесілмек. Көрермендерге жол тартатын «Тасөткел» телехикаясының қоюшы режиссері – Мұрат Бидосов. Отандың телеөнім өмірде болған оқиғаға негізделген. Басты кейіпкер – Ауғанстанда қалып қойған қазақ баласы Хасан. Бұралаң жол басып, балалық шағы Ауғанстанға тап келген кейіпкердің басып өткен «тасөткелі» көп. Жастайынан өмір сүрудің жолын үйреніп, жеті жұрттың тілін біліп, өнер игерген қарапайым азамат ғұмырының көп бөлігін Ыстамбұлда өткізеді. Өз еңбегімен ауқаттылар қатарына қосылады. Бірақ оның бар өкініші өзінің кім екенін білмеуі еді. Ұзақ жылдардан кейін ғана қазақтың қоңыр күйін тыңдап, жадынан өшкені қайта оралып, атажұртқа табаны тиеді. «Тағдырдың жазуымен шет жайлап, қиыр қонған қазақтың бір ұрпағы өзінің тегін ұмытуға шақ қалып, құдіретті күйдің күшімен өзін танып, атажұртты аңсап, «топырағына табаным бір тисе» деген арманымен Отанына оралып көз жұмуы арқылы Отан, егемендік ұғымын көрерменге әсерлі түрде ұғындыру», – дейді шығармашылық топ м