video-19-03-18-01-23

Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы 1925 жылы 1 сәуірде, Алматы облысы, Іле ауданы, Шилікемер ауылында дүниеге келген. Композитор, дирижер, домбырашы. Қазақстанның (1975) және КСРО (1984) халық артисі, Қазақстанның Халық Қаһарманы (1998). Екінші дүние жүзілік соғысқа қатысқан. 1949-50 жылдарында Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы), 1950-52 жылдары Мәскеу консерваториясын (профессор Н.П.Аносовтың класы бойынша) оқыды. 1952-61 жылдары Қазақ академиялық опера және балет театрының дирижері, 1960-64 жылдары Қазақ академиялық халық аспаптары оркестрінің бас дирижері болып қызмет атқарды. Н.Тілендиев Қазақ академиялық фольклорлық-этнографиялық халық музыкалық аспаптары «Отырар сазы» оркестрін Қазақ филармониясы жанынан 1980 жылы ұйымдастырды. Алғаш шағын ансамбль ретінде жұмыс істеді,ал 1982 жылдан оркестр болып құрылды.Мұндағы қос ішекті, үш ішекті домбыралар, қобыз, сыбызғы, саз сырнай, жетіген, шаң қобыз, асатаяқ секілді ертеден белгілі музыкалық аспаптардың орындауындағы шығармалар өзінің ұ
Back to Top