87. А’ла сүресі.
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
1. (Мұхаммед Ғ.С.) Ұлы Раббыңның атын дәріпте.
2. Ол сондай Алла; жаратып, толықтаған,
3. Ол сондай Алла, шамалап оңғарған.
4. Ол сондай Алла, жайылысты жаратқан.
5. Сосын оны қапқара қоқымға айналдырған.
6. (Мұхаммед Ғ.С.) саған Құран оқытамыз; сонда оны ұмытпайсың.
7. Бірақ, Алланың қалағаны басқа. Негізінде Ол, көрнеу, көместі біледі.
8. Саған оңай болғанды қолайластырамыз.
9. Пайда беретін болса, насихат ет.
10. Әлде кім Алладан қорықса, үгіт алады.
11. Сорлы болғандар одан бой тежейді.
12. Ол, сондай зор тозаққа салынады.
13. Сосын ол арада өлмейді де тірілмейді.
14. Әлде кім тазарса, ол құтылады.
15. Ол, Раббының атын еске алып, намаз оқыды.
16. Бірақ сендер дүние тіршілігін артық көресіңдер.
17. Ақырет қайырлы да, тұрақты.
18. Негізінен бұл үкімдер бұрынғы нұсқаларда бар;
19. Ыбырайым, Мұса (Ғ.С.)-лардың нұсқаларында.
37 views
854
272
4 months ago 00:01:33 1
«Сендерді бір адамнан жаратқан да, әрі көңілі жай табуы үшін оған жұбай сыйлаған да Алла» «Ағраф» сүресі, 189-аят.mp4
5 months ago 01:07:20 1
5. Әл Мәйда сүресі - Алла Тағала Мол Ризық, Несібе нәсіп етеді! қари Иманәлі Мырзагелді / сурелер
6 months ago 00:00:26 17
Видео от Bir Pende
7 months ago 00:14:23 1
Алла қалай сынайды. Ұстаз Ерлан Ақатаев
9 months ago 00:12:24 1
✅️ 40 жылдық дуаны жоятын сүре Сүрелер мен дұғалар Мухаммәд сүресі