Серікжан Біләштің соты

Биыл наурызда Алматыдағы қонақ үйлердің бірінен қамауға алынып, Нұр-Сұлтанға жеткізілген Біләш бастапқыда тергеу изоляторында болды, кейіннен үйқамаққа ауыстырылды. Бұған дейін ол отбасының Алматыда тұратынын айтып, өзін қолхатпен босатуды немесе үйқамақты Алматыға ауыстыруды сұраған. Бірақ сот Біләштің өтінішін қанағаттандырмады. Қамау мерзімін ұзартуға байланысты өткен соттардың бірінде ол Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына еркінен тыс жеткізілгеннен кейін өзіне қысым көрсетілгенін, елде тыйым салынған “Қазақстанның демократиялық таңдауы“ қозғалысының жетекшісі, қуғындағы бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовке қарсы шығуға және адвокат Айман Омарованың қызметінен бас тартқызуға мәжбүрлегенін айтқан еді. Біләш тергеу органдарына “ыңғайлы“ жауапты беруге мәжбүр болғанын айтып, істің “саяси астары бар“ деп мәлімдеген. Серікжан Біләш ұсталған соң халықаралық сарапшылар Қазақстан билігі өз азаматтарының құқығын емес, Қытаймен қарым-қатынасты жоғары қояды деп сынаған. Істің саяси астары бар деп болжаған халықаралық басылым
Back to Top