Мәншүк қайда? Осы апта Семейліктер үшін тығылмаш ойнаумен өтті. Жергілікті жұрт Жеңіс саябағының символына айналуы тиіс болған Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованың ескерткішін іздеп жүр! Оны қала әкімдігі арнайы тапсырыспен жасатқан еді. Алайда, тұрғындар тарапынан алғашқы пікірлердің легі теріс болғасын ба, ескерткіш орталық саябақтан алынып, ұшты-күйлі жоқ болды. Десе де, көп ұзамай, қонарын сай, ұшарын жел білетін қаңбақтың күнін кешкен батыр қыздың бейнесі өңірдегі балабақшалардың бірінен табылды.
#1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан