#abay175

А.ж. 30 мамырында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойын мерекелеу туралы жарлыққа қол қойды. Қазақстанда ұлы ақынның мерейтойы 2020 жылы тойланады. Мемлекет басшысы Үкіметке мерейтойды дайындау жəне өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құруды тапсырды және өзі 9-жасар қыз Ләйлім-Шырақтан ақындық эстафетаны қабылдап, «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен үзінді оқып берді. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы ақындық эстафетаны қолдаймыз деп шешті. Түрлі этнос өкілдері ұлы Абайдың шығармаларын оқи отырып, мемлекеттік тілді білетіндерімен бірге қазақ халқының мәдениетіне деген сүйіспеншілікті көрсетуде. #abay175
Back to Top