Балкон

БАЛКОН Фильм сюжеті соғыстан кейінгі 50 жылдардың басындағы Алматының өмірін өте әсерлі түрде баяндайды. Сол жылдардағы қала жасһспірімдерінің өмірі, олардың тағдыры мен ержету жолындағы сезімдері мен ішкі жан дүниелері бас кейіпкері ата- анасынан жетім қалған Айдардың хикаясы арқылы көрсетіледі. Жастайынан ата- анасынан жетім қалған Айдар, күйеуі соғыста із- түссіз жоғалған әпкесімен бірге қала аудандарының бірінде тұрады. Бұл аудандағы аулалардың әрқайсының өз атамандары мен танымал адамдары бар. Мұндағы жасөспірімдер үлкендер бөлек өз қмірлерін жасауда, арамдық, айла, сатқындық, алдау, қорқақтық, басқаларға деген қатігездік, мейірімсіздік бұлардың барлығы Айдар мен достарының адалдығы мен сыпайлығы, адамгершілігі, батылдығы секілді асыл қасиеттеріне қарсы тұрады.
Back to Top