РФ сыртқы істер министрі: Газа секторына жеткізіліп жатқан гуманитарлық көмек жеткіліксіз
Бұл туралы Сергей Лавров құрамына Сауд Арабиясы, Иордания, Мысыр, Индонезия, Палестина сыртқы істер министрлері және ИЫҰ Бас хатшысы кіретін Араб мемлекеттері лигасы (АМЛ) мен Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) бірлескен комитеті делегациясының мүшелерімен Мәскеудегі кездесуде мәлімдеді.
“Біз Газа секторындағы апатты гуманитарлық салдарды қазірдің өзінде көріп отырмыз. Жеткізіліп жатқан гуманитарлық көмектің көлемі жеткіліксіз екені анық. БҰҰ аясында гуманитарлық көмек көрсетумен айналысатын агенттіктер дабыл қағуда“, - деді ол.
Лавров Мәскеу Палестина – Израиль мәселесін екі мемлекет құру арқылы шешуді қамтамасыз ету үшін “сыртқы қолдау“ тетігін құру қажет деп санайтынын жеткізді. Ресейлік министр “Таяу Шығыс төрттігі“ өзіне жүктелген функцияларды, соның ішінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жүктеген функцияларды орындай алмағанын мәлімдеді. Лавровтың айтуынша, Ресей “Таяу Шығыс төрттігінің“ Араб мемлекеттері лигасымен үйлесе жұмыс істеуін қолдағанын, бірақ Батыс елдерінің ұстанымы мен БҰҰ тарапынан қажетті бастаманың болмауына байланысты бұл мүмкін болмағанын айтты.
12 views
328
68
2 years ago 00:03:13 15
Песня Гимн МГИМО автор Сергей Лавров министр иностранных дел РФ УНИВЕРСИТЕТ MGIMO Sergei Lavrov
3 years ago 00:01:24 1
РФ предупредила США о последствиях передачи вооружения Украине