Ақмола облысында 2 миллиард теңгеге жуық ақша бөлінген су құбыры аяқсыз қалды

#КТКжаңалықтары Ақмола облысында 3 бірдей кент тұрғындары шілденің шіліңгір ыстығында ауыз суға зәру болып отыр. Негізі, бұл елді мекендерге өткен күзде ғана жаңа магистраль тартылған. Ал жұрт көктем шыға жұмыс жалғасады деп, шыдамдылық танытып күтсе керек. Бірақ сол күйі жұмыс толық бітпепті. Мердігер компания да зым-зия жоғалған. #Ақмолаоблысы #су
Back to Top