Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов полиция қызметкерлеріне 136 су жаңа қызметтік көліктің кілттерін табыстады

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов полиция қызметкерлеріне 136 су жаңа қызметтік көліктің кілттерін табыстады. Осылайша Алматы облысының полиция Департаментінің қызметтік көлікпен қамтамасыз етілу көрсеткіші 98,7 % дейін жетті. Естеріңізге салар болсақ, өткен жылы өңіріміздің полиция департаментіне 102 жаңа қызметтік көлік сатып алынған болатын. Автокөліктер барлық қажетті құрылғылармен жабдықталған және учаскелік полиция инспекторларына, жол-патрульдік қызметіне, қалалық және аудандық полиция басқармалары мен бөлімшелерінің, сондай-ақ уақытша ұстау изоляторының кезекшілік бөлімдеріне берілетін болады. Жаңа көліктерді табыстау рәсімінде сөз алған облыс әкімі Амандық Баталов, қоғамдық тәртіп пен азаматтарымыздың түн ұйқысының тыныштығын сақтау жолында аянбай еңбек етіп жүрген барша тәртіп сақшыларын өткен кәсіби мерекелері - Полиция қызметкерлері күнімен құттықтап, облыста құқық қорғау органдарының жұмыс тиімділігін арттыру жолында қолға алынатын игі шаралар мен атқарылар жұмыстарға тоқталып өтті.
Back to Top