Түпкі атауы: Влюбленная рыбка
Фильм бұрынғы ауыл тұрғындарының жаңа қала өміріне бейімделуінің заманауи проблемаларын бейнелейді. Бас кейңпкер Жәкен қала мен ауыл ортасында қалды. Қалаға жақын бір кентте тұратын оның, әкесі мен шешесі қайтыс болған, жалғыз ағасы музыкант қалада тұрады. Жәкен қаладағы ағасының жанына бармаққа бел буады. Қалаға келе салысымен, ауылдан жаңа келген Жәкеннің басына неше түрлі жағдайлар келеді. 90 жылдардың басында белең ала бастаған жигулидегі қала мафиялары, қаланың кішігірім бұзақылары бұлардың барлығы да жаңа келген адамға қала өмірінің қаншалықты қиын екенін көрсетеді.
Абай Қарпықовтың бұл фильмі “Жаңа толқын“ баңыиындағы “Ине“ фильмнен кейінгі екінші фильм. Бұл бағыттағы фильмдердің басты идеясы көрерменге өмірдің ащы шындықтарын еш боямасыз, қаз- қалпында жеткізу. Сахнада ешқандай да әсіре сілтеу мен арнайы ойындар мен эффектілерді қолданбастан, шынайлыққа баяндау.
37 views
1524
486
5 months ago 00:02:52 1
“Морячка“ на казахском (кавер-перевод) Тогжан Муратова