КЕМЕЛ ЕЛ (17 ақпан, 2016 жыл)

“Қазақстан Атырау“ облыстық телеарнасы “Кемел Ел“ бағдарламасында Атырау қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі туралы телехабар дайындады. Бағдарламада оқу орынның тыныс тіршілігі, стратегиялық бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелері ұсынылды. “Кемел ел“ бағдарламасында көзі қырақты телекөрермен кіріктірілген оқу бағдарламасы, критериалды бағалау, үш тілде білім беру секілді инновациялық білім беру үлгілерімен таныса алады.
Back to Top