ЭКСПО 2017 Казахстан Астана - EXPO 2017

ЭКСПО КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСҚАН ТҰҢҒЫШ ҚАЗАҚ ЭКСПО көрмесіне қатысқан алғашқы қазақ – Әміре Қашаубаев екенін біреу білсе, біреу білмес. Қазақтың біртуар әншісі 1925 жылдың мамырында Францияның астанасы – Парижде өткен дүниежүзілік көрменің этнографиялық концертінде «Балқадиша», «Ағаш аяқ» , «Бесқарагер», «Дудар-ай», «Жалғыз арша», «Үш дос», «Смет», «Қараторғай» әндерін әуелетіп, күллі әлемді тамсандырған еді. Әйгілі француз жазушысы Ромен Роллан Әміренің құдіретті дауысын тыңдағаннан кейін: «Мен Шығыста әншіні неге бұлбұлға теңегенін енді түсіндім?» деп таңдай қаққан екен. «ЭКСПО» халықаралық көрмесі қай кезде де маңызды шара болған. Кез келген мемлекет осы әмбебап көрмеге барынша дайындалып, абыроймен өткізуді ойлаған. 1925 жылы жаһандық шараны өткізу жауапкершілігін Франция астанасы мойнына алады. Осынау дүниежүзілік көрмеге қатысуға ықылас танытқандардың ішінде Кеңес одағы да бар еді. Себебі, шетелде қызыл империяның беделін көтеруді Сталин де теріс көрмеген. Көрмеге қатысушыларды ұйымдастыру сол кездегі РСФСР
Back to Top