Ұлттық домбыра күні

Домбыра – ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан мәдени мұра. Кең даладағы қазақтың қай-қайсысы да домбыраның үніне жан-тәнімен беріліп, оны өзінің бүкіл асыл ойымен сезінеді. Қазақ музыкасының білгірі, сазгер А.Жұбанов домбыра туралы былай деген: «Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы қасиетті аспабы – домбыра. Оның сымдай тартылған қос ішегінде сан ғасырлардың ақыл-ойы, көңіл-күйі жатыр. Домбыра – елдің көнекөз шежіресі». «Домбыра жүрегімнің үндес едің, Өзіңмен сырласымдай тілдесемін. Бабамнан қалған мұра сен болмасаң Өнер не екенін білмес едім»,- деп ақын Мұқағали Мақатаев айтқандай, қазақ халқының кейбір ән-күйлері кейінгі ұрпаққа осы домбыра арқылы жеткен.
Back to Top